Алматыда өрт кезінде жас әйел мен жаңа туған нәресте құрбан болды

Фотография - Алматыда өрт кезінде жас әйел мен жаңа туған нәресте құрбан болды

Алматыда кеше күннің екінші жартысында жекеменшік үйде 10 шаршы метр жер өртенді

235 0

Алматыда кеше күннің екінші жартысында жекеменшік үйде 10 шаршы метр жер өртенді, деп хабарлады ҚР ТЖМ.

Тілсіз жауды өртке қарсы қызмет мамандары келгенше жергілікті тұрғындар тоқтатқан.

Оқиға орнында 23 жастағы әйел мен жаңа туған нәресте жан тапсырды. Түрлі деңгейдегі күйікпен 6 жасар бала ауруханаға жатқызылды. Оқиға орнына ҚР ТЖМ Алматы қаласының ТЖД өрт сөндіру қызметінің 3 техникасы мен жеке құрамның 15 адамы шықты.

Сонымен қатар, Өскеменде 5 қабатты үйдің үшінші қабатындағы пәтерден өрт шықты. Жалын 40 минуттан кейін ауыздықталды. Өртті ауыздықтауға ҚР ТЖМ Шығыс Қазақстан облысының ТЖД өрт сөндіру қызметінің 2 техникасы мен жеке құрамның 10 адамы жұмылдырылды. Оқиға орнынан 76 жастағы ер адамның мүрдесі табылды.

Қостанай облысының Терентьевка ауылында жекеменшік үйде өрт болды. Тілсіз жау екі сағаттан кейін сөндірілді. Оған ҚР ТЖМ Қостанай облысы ТЖД өрт сөндіру қызметінің 2 техникасы мен жеке құрамның 5 адамы жұмылдырылды. Оқиға орнынан 83 жастағы ер адамның мәйіті табылды.

Екібастұзда саяжай үйінде газ баллонының жарылуынан өрт шықты. Тілсіз жау 2,5 сағаттан кейін тоқтатылды. Оны ауыздықтауға ҚР ТЖМ Павлодар облысы ТЖД өрт сөндіру қызметінің 2 техникасы мен жеке құрамның 5 маманы қатысты. 18 шаршы метр жер отқа оранды. Оқиға орнынан 58 жастағы ер адамның денесі табылды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!