Қарағанды облысында өрт салдарынан 3 адам қаза тапты

Фотография - Қарағанды облысында өрт салдарынан 3 адам қаза тапты

Қарағанды облысының Теміртау қаласында бүгін түнде екіпәтерлі тұрғын үйден өрт шықты

207 0

Қарағанды облысының Теміртау қаласында бүгін түнде екіпәтерлі тұрғын үйден өрт шықты, деп хабарлайды ҚР ТЖМ. Өрт 100 шаршы метр аумақты қамтыған. Тілсіз жау бір сағаттан соң ауыздықталды. Өртті сөндіруге ҚР ТЖМ Қарағанды облысы ТЖД өрт сөндіру қызметінің жеке құрамынан 13 адам және 3 техника жұмылдырылды. Өрт сөндіру барысында 58 жастағы ер адамның мәйіті табылды.

Ал осы облыстың Абай ауданында жекеменшік үйден өрт шықты. Өрт 2,5 сағаттан соң сөндірілді. Тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Қарағанды облысы ТЖД өрт сөндіру қызметінің жеке құрамынан 9 адам және 2 техника жұмылдырылды. Жалын 150 шаршы метр аумақты қамтыған. Өртті сөндіру барысында 2 мәйіт табылды (аты-жөндері беймәлім).


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!