Павлодарда мектеп директоры пара алғаны үшін екі жылға сотталды

Фотография - Павлодарда мектеп директоры пара алғаны үшін екі жылға сотталды

Павлодар қалалық №2 сотының шешімімен пара алғаны үшін облыстық кадеттік мектеп-интернатының директоры айыпты деп танылды

180 0

Павлодар қалалық №2 сотының шешімімен пара алғаны үшін облыстық кадеттік мектеп-интернатының директоры айыпты деп танылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz өңірлік порталы қалалық прокуратураға сілтеме жасай отырып.

Интернаттың басшысы сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін екі жылға бас бостандығынан айырылған, және мемлекеттік қызметтің кез келген лауазымынан үш жылға шеттетілді.

Баланы оқуға қабылдау үшін ол оның ата-анасынан екі мың доллар талап еткен. Ал ата-ана директордың әрекетін заңсыз деп санап, қаржы полициясына шағымданған. Қаржы полициясының қызметкерлері мектеп-интернат директорының міндетін атқарушыны пара алған жерінде қамауға алды. Айыпталушының қылмыстық әрекеттері ҚР ҚК 311-бабының 1-тармағы бойынша қаралды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!