Қарағанды облысында мас жолаушы тәртіп сақшысын ұрып, қолын сындырды

Фотография - Қарағанды облысында мас жолаушы тәртіп сақшысын ұрып, қолын сындырды

Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданында мас жолаушы жол полициясы қызметкерін ұрып, қолын сындырды

181 0

Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданында мас жолаушы жол полициясы қызметкерін ұрып, қолын сындырды.

Полицияның ақпараты бойынша, аталған оқиға өткен демалыс күндері Атасу ауылының маңында орын алған.

«Жаңаарқа ауданы ішкі істер бөлімі жол полициясы бөлімінің жол қозғалысы ұйымының 34 жастағы инспекторы Абай қаласының 27 жастағы тұрғыны басқарып келе жатқан «Фольксваген Т2» автокөлігінің құжаттарын тексеру үшін тоқтатқан. Көліктің салонында отырған мас жолаушы полиция қызметкерін балағаттай бастаған. Кейін оған жұдырық ала жүгірген», - деп хабарлады ҚазАқпарат

Салдарынан полиция қызметкері дене жарақаттарын алды. Хабарламада көрсетілгендей, дәрігерлер «оң жақ қол буынының жабық алақан сүйегі сынған деген диагноз қойған». Полиция қызметкері Атасау ауылының аудандық ауруханасына медициналық көмек сұрап барған.

«47 жастағы ер адамға қатысты ҚР ҚК 321-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізіліп жатыр. Тәртіп бұзушы уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды», - деп хабарлады облыстың ІІД баспасөз қызметінен.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!