Мемлекеттік сатып алулар заңнамасын бұзған 2 мыңға жуық адам жауапқа тартылды - ҚР Қаржы министрлігі

Фотография - Мемлекеттік сатып алулар заңнамасын бұзған 2 мыңға жуық адам жауапқа тартылды - ҚР Қаржы министрлігі

Ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында мемлекеттік сатып алулар саласында 1399 тәртіп бұзушылық анықталды

146 0

Ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында мемлекеттік сатып алулар саласында 1399 тәртіп бұзушылық анықталды.

ҚР Қаржы министрлігінің ақпараты бойынша, тексерістердің басым бөлігі тауар мен қызметтерді жеткізуші ұйымардардың тарапынан түсетін арыз-шағымдардың негізінде жүргізіледі. Ондайда тапсырыс берушілердің заңсыз іс-әрекеттері жиі анықталып жатады. Осының нәтижесінде мемлекеттік сатып алулардың 279 шарасы тоқталып, қайта қаралды. Құқық қорғау органдарына 88 материал жолданды - деп хабарлады  ҚазАқпарат

Ал осы уақытқа дейін 662 адамға 60,1 млн. теңге көлемінде айыппұл салынды. Бүгінде сол ақшаның 42,4 млн. теңгесі төленді. Бұдан басқа, мемлекеттік сатып алулар заңнамасын бұзған 1351 адам тәртіптік жазаға тартылды. Олардың 13-і өз қызметімен қош айтысты.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!