Каспийде бекіре аулаған браконьерлер ұсталды

Фотография - Каспийде бекіре аулаған браконьерлер ұсталды

Қазақстан шекарашылары Каспий теңізінде 2 «байда» (жасанды жүзу құралы) мініп, заңсыз балық аулап жүрген 8 браконьерді ұстады

260 0

Қазақстан шекарашылары Каспий теңізінде 2 «байда» (жасанды жүзу құралы) мініп, заңсыз балық аулап жүрген 8 браконьерді ұстады.

Өткен демалыс күндері Каспий теңізіндегі қазақстандық шекара бөлігін қорғап жүрген шекарашылар, атап айтқанда, ҚР ҰҚК Шекара қызметінің «Жағалау күзеті» өңірлік басқармасының «Ми-8» тікұшағының экипажы шекараны бұзып теңізде жайбарақат балық аулап жүрген 2 шағын жүзу құралын байқады.

Шекарашылардың дауыс күшейткіш арқылы берген тоқтау туралы талабын браконьерлер естімеген сыңай танытып, керісінше жылдамдығын арттырып, Қазақстан шекарасынан шығып кетуге асықты.

Бір емес үш мотормен жасақталған «байданы» қуалау кезінде шекарашылардың қару қолданып, ескерту оғын атуына тура келді. «Байдадағы» батырлар бұған да назар аудармастан, жылдамдығын одан ары арттыра түсті.

Осыдан кейін тікұшақ экипажы «байданың» моторына оқ атып, оларды амалсыздан тоқтауға мәжбүр етті. Осы сәтте «байда» мінген батырлар өздеріне көмек керек екендігін білдіріп, белгі бере бастады. Кейіннен анықталғанындай, шекара бұзушылардың біреуі оң жақ аяғынан жараланыпты. Жараланған адамды тікұшақ экипажы «лебедка» арқылы көтеріп, оны тез арада Ақтау қаласының облыстық ауруханасына жеткізді.

Қазіргі уақытта жараланған адамның денсаулығы жақсы, оның өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.

Осыдан шамалы уақыт өткенннен кейін үш жолаушысы бар тағы бір «байда» ұсталды.

Оқиға болған аймаққа шекара катерлері жіберілді. Дағыстандық шекара бұзушылардың барлығы ұсталып, Баутин портына жеткізілді. Олардан 2000 метр болатын балықшы ауы мен 78 дана бекіре балығы алынды.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, шекара бұзушылар тергеу изоляторына қамалды - деп хабарлады ҚазАқпарат

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының шекарасын бұзған тағы бір адам ұсталды, яғни шекара заставасынан 10 шақырымдай қашықтықтағы Маслинский деп аталатын түбек маңайында 32 жастағы отандасымыз ер азамат «Урал» мотоциклімен браконьерлік олжасын алып кетуге тырысты. Тексеру кезінде, оның көлігінен 215 метр болатын капронды ау құралы, 11 дана бекіре, 8 дана сазан балығы алынды. Ұсталған азаматтың көлігінің құжаттары мен шекаралық рұқсаттамасы болмай шықты.

Аталған деректер бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!