Жамбыл облысында құтқарушылар Шу өзенінде суға батып кеткен аудан тұрғынының денесін іздестіріп жатыр

Фотография - Жамбыл облысында құтқарушылар Шу өзенінде суға батып кеткен аудан тұрғынының денесін іздестіріп жатыр

Жамбыл облысында құтқарушылар Шу өзенінде суға кеткен аудан тұрғынының денесін іздестіріп жатыр, деп хабарлады өңірдің ТЖД баспасөз қызметінен

297 0

Жамбыл облысында құтқарушылар Шу өзенінде суға кеткен аудан тұрғынының денесін іздестіріп жатыр, деп хабарлады өңірдің ТЖД баспасөз қызметінен.

«28 қазан күні Жамбыл облысының ТЖД-не Шу аудандық ішкі істер бөлімінің басшысынан 26 қазан күні 23:00-де суға батып кеткен жергілікті тұрғынның мәйітін іздестіруге көмек көрсету туралы өтініш келіп түскен», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.

40 жастағы ауыл тұрғыны Тасөткел су қоймасының маңында Шу өзенінен балық аулаған.

Тараздан 300 шақырым жерде орналасқан оқиға орнына құрамында бес адамы бар «УАЗ» автокөлігімен Жамбыл облысының ТЖД «Суда құтқару қызметі» ММ сүңгуір апаттық құтқару жасағының тобы шықты.

Іздеу жұмыстары жалғастырылуда, деп хабарлады өңірдің ТЖД баспасөз қызметінен.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!