Қарағанды облысында 6000-нан артық шаянды заңсыз аулаған браконьер ұсталды

Фотография - Қарағанды облысында 6000-нан артық шаянды заңсыз аулаған браконьер ұсталды

Қарағанды облысында полицейлер 39 жастағы жұмысыз ер адамнан заңсыз түрде ауланған 6000-нан артық шаянды тәркіледі

178 0

Қарағанды облысында полицейлер 39 жастағы жұмысыз ер адамнан заңсыз түрде ауланған 6000-нан артық шаянды тәркіледі, деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметінен.

«28 қазан күні Жаңаарқа ауданының ішкі істер бөлімінің табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері «Браконьер» жедел алдын алу шарасын жүргізу барысында «Павлодар-Қызылорда» жолының бойында Атасу ауылымен қиылысатын жолдың тұсында «Хюндай Портер» автокөлігін тоқтатты. Көлікті Теміртау қаласының 39 жастағы тұрғыны басқарып келе жатқан. Салонды тексеру барысында заңсыз жолмен ауланған 6000-нан артық шаян табылып, тәркіленді», - деп жазылған хабарламада.

Ер адамға қатысты ҚР ҚК 287-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!