Алматыда жол апатынан екі полицей қаза тапты (фото)

Фотография - Алматыда жол апатынан екі полицей қаза тапты (фото)

Оқиға өткен түні Сейфулин мен Физкультурная көшелерінің қиылысында болған. ЖКО салдарынан тағы үш адам жарақат алды, деп хабарлайды Тoday.kz тілшісі.

146 0

Оқиға өткен түні Сейфулин мен Физкультурная көшелерінің қиылысында болған. ЖКО салдарынан тағы үш адам жарақат алды, деп хабарлайды Тoday.kz тілшісі.

«Хюндай» автокөлігі Сейфулин көшесімен келе жатып Физкультурная көшесіне бұрылмақ болған сәтте оған қарсы бағытта шамын жақпай келе жатқан «Ниссан» автокөлігі келіп соғылған. 

Соққыдан «Хюндай» көлігін жанға лақтырып жіберген, ал «Ниссан» бірнеше рет аударылған.

ЖКО салдарынан оқиға орнында «Ниссан» автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы қаза болды. Сонымен қоса тағы бір жігіт пен екі бойжеткен жарақат алған.

Қаза болғандар қызметтік киімін киген полицейлер болған, куәгерлердің айтуынша олардың тіпті табельдік қаруы да болған. Қазіргі кезде ЖКО себептері анықталуда.


Тегтер:

авария

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!