Шаруа қожалығының басшысы өз жұмысшысын атып тастады

Фотография - Шаруа қожалығының басшысы өз жұмысшысын атып тастады

Қарағанды облысының Шет ауданындағы қыстақтардың бірінде шаруа қожалығының басшысы жанжал кезінде өзінің жұмысшысын басқа қол астындағылардың көзінше атып тастады

166 0

Қарағанды облысының Шет ауданындағы қыстақтардың бірінде шаруа қожалығының басшысы жанжал кезінде өзінің жұмысшысын басқа қол астындағылардың көзінше атып тастады,

деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметінен.

«29 қазан күні кешке Шет ауданындағы қыстақтардың бірінде шаруа қожалығының 34 жастағы басшысы өзінің жұмысшысымен сөзге келіп қалып, оны басқалардың көзінше атып салды. Алған жарақаттардан 38 жастағы ер адам бірнеше сағаттан кейін көз жұмды», - деп жазылған хабарламада.

Шаруа қожалығы басшысы оқ атқан 16 калибрлі мылтық оның атына тіркелген.

«Ұсталған ер адамның куәгерлер жеткілікті болғаннан кейін, өз кінәсін мойындаудан басқа шарасы қалмады. Қазір оған қатысты қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізіліп жатыр. Ол уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды», - деп қосты облыстың ІІД баспасөз қызметінен.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!