Алматыда өз баласын 150 мың теңгеге сатпақ болған қылмыскер ұсталды

Фотография - Алматыда өз баласын 150 мың теңгеге сатпақ болған қылмыскер ұсталды

 Бұл туралы бүгінгі баспасөз мәслихатында ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті.

256 0

Алматы қаласында өз баласын сатпақ болған Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны ұсталды. Бұл туралы бүгінгі баспасөз мәслихатында ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті.

Оның хабарлауынша, Алматы қалалық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері қазан айының басында жалға алған пәтерінде өзінің жаңа туған нәрестесін бір отбасыға 150 мың теңгеге сатпақ болған Оңтүстік Қазақстан облысының 40 жастағы тұрғынын құрықтады. «Бүгінде аталған фактіге қатысы бар барлық қатысушыларға ешқайда кетпеу жөнінде бұлтартпау шарасы қолданылып, қылмыстық іс қозғалды», - деп атап көрсетті Н.Ораз.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!