Алматыдағы пәтерде қару-жарақ «қоймасы» анықталды

Фотография - Алматыдағы пәтерде қару-жарақ «қоймасы» анықталды

Алматы қаласындағы пәтерлердің бірінде қару-жарақ «қоймасы» анықталды. Бұл туралы бүгінгі баспасөз мәслихатында ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті

195 0

Алматы қаласындағы пәтерлердің бірінде қару-жарақ «қоймасы» анықталды. Бұл туралы бүгінгі баспасөз мәслихатында ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті.

Оның хабарлауынша, бұл оқиға қылмыстық топ мүшесін құрықтаудан басталды. Тәртіп сақшылары оны Жароков көшесіндегі үйдің ауласынан ауыр дене жарақаттарын түсіргені үшін ұстаған. Сол жерде одан «ТТ» маркалы тапанша және 4 оқ-дәрі тәркіленді. Ал оның пәтерін тінту кезінде тегіс ұңғылы қаруға арналған 300-ге жуық оқ-дәрі, шолақ және оптикалық көздеуі бар мылтық табылды. «Келесі күні оның сыбайласы қолға түсті. Одан «Макаров» тапаншасы мен 5 оқ-дәрі тәркіленді. Автокөліктің жүк салғышынан 21 оқ-дәрісі бар тағы Калашников (АКСУ-74) автоматы анықталды», - деп атап көрсетті Н.Ораз.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!