Ресей азаматтары Ақтөбе облысында көлік ұрлаумен айналысқан

Фотография - Ресей азаматтары Ақтөбе облысында көлік ұрлаумен айналысқан

Ақтөбе облысында көлік ұрлаумен айналысқан Ресей азаматтары ұсталды. Бұл туралы бүгінгі баспасөз мәслихатында ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті

156 0

Ақтөбе облысында көлік ұрлаумен айналысқан Ресей азаматтары ұсталды. Бұл туралы бүгінгі баспасөз мәслихатында ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті.

Оның хабарлауынша, Ақтөбе облысында бірнеше қымбат автокөлікті ұрлау фактісіне қатысы бар деген күдікпен Ресейдің үш азаматы ұсталды. «Бұдан бұрын 36 жастағы Ақтөбе облысы тұрғынынан «Toyota Land Cruiser-200» автокөлігі қарауылдауда тұрған автотұрақтан ұрланған болатын. Осы оқиға туралы хабар түскеннен кейін полиция қызметкерлері күдіктілерді Қарғалы ауданы Велиховка ауылынан 3 шақырым жерде құрықтады. Сол жерде автокөлік пен оған қатысты жалған құжаттар тәркіленді», - дейді Н.Ораз.

Сондай-ақ Қарағанды облысында бірнеше автоұрлыққа қатысы бар екі ер адам анықталды. Бүгінде олардың 13 оқиғаға қатысы бар екендігі дәлелденді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!