Астанада үй қызметшісі миллион теңгенің сағатын ұрлаған

Фотография - Астанада үй қызметшісі миллион теңгенің сағатын ұрлаған

Астанада әшекей бұйымдарды ұрлаған үй қызметшісі қолға түсті, деп мәдімдейді ІІД баспасөз қызметі.

165 0

Астанада әшекей бұйымдарды ұрлаған үй қызметшісі қолға түсті, деп мәдімдейді ІІД баспасөз қызметі. Полицияға Астана қаласының 32 жастағы тұрғыны арызданып, белгісіз біреулердің пәтерінен алтын бұйымдарын ұрлап әкеткенін айтқан.

«Алматы» ауданы ІІБ қызметкерлері жүргізген жедел іздестіру шаралары кезінде Оңтүстік Қазақстан облысының 40 жастағы тұрғыны ұсталды»,-делінген хабарламада.

Анықталғанындай, жұмыс берушілер газеттегі хабарландыру бойынша үй қызметшісін жалдайды. Үш ай бойы жұмыс істеген әйелге үй иелері еңбегіне орай тиісті ақшасын төлеп отырған. Үй қызметшісіне жұмысына байланысты ешқандай ескертулер жасалмаған. Дегенмен үй иелері ұзақ уақыт өтпей алтын бұйымдарының жоғала бастағанын аңғарады. Алайда басында оған аса мән бермейді. Кейіннен қымбат алтын сағат жоғалып кеткенде, полицияға жүгінуді жөн көреді.

Ұсталған әйел бірінші тергеуде-ақ жалпы құны 942 мың теңге болатын алтын бұйымдарды ұрлағанын мойындады. Күдіктінің сөзіне қарағанда, ұрланған заттарды ол қаладағы ломбардтарға тапсырып отырған.

Қазіргі уақытта оның басқа осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоқтығы анықталып жатыр.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 175 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!