Жамбыл облысында Алматы-Ташкент жолының бойында жол апатынан 3 адам қаза болды

Фотография - Жамбыл облысында Алматы-Ташкент жолының бойында жол апатынан 3 адам қаза болды

Жамбыл облысында Алматы-Ташкент күре жолының 441-шақырымында 2 қараша күні түнгі 00:20-да «Мерседес» шағын автобусы мен «КамАЗ» автокөлігі соқтығысып қалды

224 0

Жамбыл облысында Алматы-Ташкент күре жолының 441-шақырымында 2 қараша күні түнгі 00:20-да «Мерседес» шағын автобусы мен «КамАЗ» автокөлігі соқтығысып қалды - деп хабарлады  ҚазАқпарат

Апаттың салдарынан шағын автобустағы 1982 жылы туған жолаушы әйел мен тағы да екі әйел (олардың аты-жөндері анықталмады) оқиға орнында жан тапсырды. Түрлі жарақаттармен шағын автобустың жүргізушісі және оның бес жолаушысы ауруханаға жеткізілді. Болған апаттың салдарын жою үшін ҚР ТЖМ Жамбыл облысы ТЖД ТЖ бойынша бөлімінің 1 техникасы мен 3 адамы, «ЖҚЖ» ММ 1 техникасы мен жеке құрамының 4 адамы жұмылдырылды.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!