Семей полициясы жол қиылысында әйел адамды қағып кеткен жүргізушіге іздеу салды

Фотография - Семей полициясы жол қиылысында әйел адамды қағып кеткен жүргізушіге іздеу салды

Шығыс Қазақстан облысының полициясы Семей қаласында 44 жастағы әйел адамды қағып кеткен автомобиль жүргізушісіне іздеу жариялады. Автомобиль маркасы анықталған жоқ

154 0

Шығыс Қазақстан облысының полициясы Семей қаласында 44 жастағы әйел адамды қағып кеткен автомобиль жүргізушісіне іздеу жариялады. Автомобиль маркасы анықталған жоқ.

Зардап шегуші әйел ауыр жарақаттарымен оқиға орнынан ауруханаға жеткізілді. Жол-көлік оқиғасы Қаржаубайұлы-Шұғаев көшелерінің қиылысындағы жаяу жүргіншілер өтетін жерде орын алды. Жүргізуші оқиға орнынан ізін суытты.

Полиция оқиға куәгерлерін, қандай да бір ақпараты бар азаматтарды Семей қаласының жол полициясы басқармасына 77-70-81, 77-60-05 телефондары бойынша немесе 77-46-76 нөміріне іздеу бөліміне хабарласуды сұрайды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!