Алматы әуежайында үлкен көлемдегі контрабанда әшкереленді

Фотография - Алматы әуежайында үлкен көлемдегі контрабанда әшкереленді

Бүгін таңғы сағат 7-нің шамасында шекарашылар елімізге заңсыз әкеле жатқан салмағы 22 келі болатын, жалпы сомасы 700 мың АҚШ долларынан асатын әшекей заттарын анықтады.

132 0

Бүгін таңғы сағат 7-нің шамасында шекарашылар елімізге заңсыз әкеле жатқан салмағы 22 келі болатын, жалпы сомасы 700 мың АҚШ долларынан асатын әшекей заттарын анықтады.

«Алматы» өткізу бекетінің шекарашылары ТК-350 «Ыстамбұл-Алматы» рейсінің жолаушыларын тексеру кезінде кедендік бақылаудан өткеннен кейін 1984 жылы туылған С. есімді Қазақстан азаматын ұстады.

Заң бұзушы ҚР ҚК 2-ші бөлімінің 209 бабына сәйкес экономикалық контрабанда үшін қылмыстық жазаға тартылатын болады.

Қазақстан Республикасы азаматының ұсталуына байланысты өзара іс-әрекет ететін органдар хабарландырылды. Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметінен хабарлады.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!