Қарағандыда Өзбекстан азаматы ұрланған көлікпен аударылған

Фотография - Қарағандыда Өзбекстан азаматы ұрланған көлікпен аударылған

Бұл туралы Қарағанды облыстық ІІД-нің Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының бастығы Жаңатай Сембеков хабарлады

142 0

Қарағандыда 27 жасар Өзбекстан азаматы ұрлап мініп кеткен көлікпен жол апатына ұшырады. Бұл туралы Қарағанды облыстық ІІД-нің Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының бастығы Жаңатай Сембеков хабарлады.

«3 қарашада Оңтүстік-Шығыс полиция бөліміне 27 жасар жігіт ауласында тұрған «Мазда 626» автокөлігінің ұрланғанын айтып шағымданған. Ұрлық салдарынан оған 850 мың теңге шығын келген», - дейді Ж. Сембеков.

Оның айтуына қарағанда, жедел іздестіру шарасы кезінде 27 жасар Ташкент қаласының тұрғыны мас күйінде осы көлікті ұрлап мініп кетіп. Тәттімбет көшесінде аударылып қалған.

«Қазір Өзбекстан азаматы уақытша қамау абақтысына жабылды, Оның үстінен қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жалғасуда», - деп хабарлайды полиция.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!