Қарағандыда көлік айдаған студент өзіне жол бермеген жасөспірімді пышақтап тастады

Фотография - Қарағандыда көлік айдаған студент өзіне жол бермеген жасөспірімді пышақтап тастады

Қарағандыда қаладағы ірі жоғары оқу орнының студенті, 18 жастағы жүргізуші өзіне жол бермеген жаяу жүргіншіні пышақтап тастады

169 0

Қарағандыда қаладағы ірі жоғары оқу орнының студенті, 18 жастағы жүргізуші өзіне жол бермеген жаяу жүргіншіні пышақтап тастады, деп хабарлады Қарағанды облысы ІІД баспасөз қызметінен.

«4 қараша күні кешке Қарағанды ІІБ Михайловский полиция бөліміне 37 жастағы әйел келіп, полицейлерге оның ұлын жолда біреудің пышақтап кеткенін айтып арызданған. Зардап шегуші облыстық балалар клиникалық ауруханасына кеуде және қарнының пышақ жарақатымен жеткізілген», - деп жазылған хабарламада.

Тергеу барысында жолды кесіп өтпек болған 17 жасар жігіт көлікті өткізбегені үшін жас жүргізушісі оған бірнеше рет пышақ сұққаны анықталды.

«Студентке қатысты ҚР ҚК 103 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады облыстың ІІД баспасөз қызметінен.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!