Қарағанды облысында полицейлер 200 келіден астам есірткі тәркіледі

Фотография - Қарағанды облысында полицейлер 200 келіден астам есірткі тәркіледі

Қарағанды облысы ІІД Есірткі бизнесімен күрес басқармасының қызметкерлері биылғы жылдың бес айында «Көкнәр-2013» жедел алдын алу шарасын жүргізу барысында 200 келіден астам әр түрлі есірткі заттарын, оның ішінде 26 келіден астам героинді заңсыз айналымнан тәркіледі.

168 0

«2013 жылдың 1 маусымы мен 30 қазаны аралығында Қазақстан аумағында «Көкнәр-2013» жедел алдын алу шарасы жүргізілді. Тек Қарағанды облысының өзінде операцияларды жүргізу кезінде 169 есірткі қылмысы анықталды», - деп хабарлады Қарағанды облысы ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының бастығы Жаңатай Сембеков.

ІІД мәліметінше, «Көкнәр-2013» ЖАШ барысында 226 адам жауапкершілікке тартылған.

bnews.kz сайтынан

Тегтер:

есірткі

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!