46 жастағы азамат дәрігерлер қатесінен көз жұмды

Фотография - 46 жастағы азамат дәрігерлер қатесінен көз жұмды

Оралда медицина қызметкерлерiнiң кәсiптiк мiндеттерiне ұқыпты қарамауынан 46 жастағы азамат көз жұмды

131 0

Оралда медицина қызметкерлерiнiң кәсiптiк мiндеттерiне ұқыпты қарамауынан 46 жастағы азамат көз жұмды.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2013 жылдың 13 қазанында М.Ихсанов деген азамат «кеуде қуысы, іштің түйрелген-кесілген жарақаты» диагнозымен БҚО Орал қалалық травматологиялық пунктіне жеткізілген - деп хабарлады  baq.kz

«Сот-медициналық сараптама қорытындысына қарағанда, М.Ихсанов дәрігерлер қателігінен көз жұмған. Операция кезінде М.Ихсановтың ішінде марляден жасалған майлық қалып қойған, ақыры ол көк ет қуысының ішкі қабынуына әкеліп соқтырды (фиброзды перитонит)»,-деп жазылған хабарламада.

2013 жылдың 23 қазанында шамамен сағат 12:00-де «Облыстық клиникалық аурухана» МКҚК 2-ші хирургияның екінші бөлімінде 1967 жылы туған М.Ихсанов қайтыс болды.

2013 жылдың 26 қазанында қала прокуратурасының нұсқауы бойынша Орал қалалық ІІБ Абай ПБ тергеу бөлімімен аталған фактімен ҚР ҚК 114-бабының 4-бөлімімен қылмыстық іс қозғалды.

Қазір тергеу жүргізілуде.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!