Алматыда мас әйелдер автокөлікт айдап кеткен

Фотография - Алматыда мас әйелдер автокөлікт айдап кеткен

Алматыда мас әйелдер екі автокөлік қылмысына барды деп күдіктеліп отыр, деп хабарлайды қалалық ІІД баспасөз қызметі.

382 0

Алматыда мас әйелдер екі автокөлік қылмысына барды деп күдіктеліп отыр, деп хабарлайды қалалық ІІД баспасөз қызметі.

Бөтен автокөлікті заңсыз иемдену фактісі бойынша қылмыстық істің бірінші жағдайында Алматы облысының 25 жастағы тұрғыны күдіктеліп отыр. Әйел түн ортасында танысының көлігін айдап кеткен, делінген хабарламада.

«Жас қыз бен жігіт оқиғадан бірнеше сағат бұрын қаладағы көңіл көтеру мекемелерінің бірінде танысады. Олар таныстығын одан әрі жалғастырғысы келіп, Ратушного көшесінің бойындағы үйлердің біріне келеді. Жолдасының аз уақытқа бір жаққа кетіп қалғанын пайдаланып, қыз Hyundai Accent маркалы автокөлік рөліне отырып, кетіп қалады. Көлікті айдап кеткені туралы хабар келіп түскеннен кейін, полицияның кешенді күштері қызды ұстауға кіріседі. Олар көлікті Талғар қаласына бағытындағы қала маңындағы жолда байқайды. Көп ұзамай күдікті қолға түседі. Ол мас күйінде болған»,-деп мәлімдеді Алматы қаласы ІІД Жетісу аудандық ІІБ бастығы, полиция подполковнигі Қанат Күдіков.

Осыған ұқсас қылмыс таңғы сағат жетіде орын алды. Шымкент қаласының 35 жастағы тұрғыны «Ауди» маркалы көлігін айдап кеткенін айтып, полицияға жүгінеді.

«Иномарка иесінің күдігі жеңіл жүрісті қызға түседі. Олар осы оқиға қарсаңында танысқан екен. 29 жастағы әйел кешке таман ұсталды. Әйел бөтен адамның көлігін жақсылап тығып қойған. Күдіктінің мұндай әрекетке мас күйінде барғаны анықталды»,-деп атап өтті Түрксіб аудандық ІІБ бастығы, полиция подполковнигі Жасұлан Тұрыспаев.

«Екі факті бойынша да қылмыстық істер қозғалды, тергеу жұмыстары жүріп жатыр»,- деді Алматы қаласы ІІД баспасөз қызметінде.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!