Алматыда жарылыс жасау арқылы өзінің зайыбын қайтармақшы болған күдікті ұсталды

Фотография - Алматыда жарылыс жасау арқылы өзінің зайыбын қайтармақшы болған күдікті ұсталды

Алматыда жарылыс жасаймын деп өзінің зайыбын қайтармақшы болған күдікті ұсталды

158 0

Алматыда жарылыс жасаймын деп өзінің зайыбын қайтармақшы болған күдікті ұсталды.

«Қазан айының соңында құқық қорғау органдарына Алматы қаласының тұрғыны қаладағы сауда-ойын сауық орталықтарының бірінде жарылыс жасамақшы болды деген жедел ақпарат түседі. Нәтижесінде полиция қызметкерлері 26 жастағы қала тұрғынын қолға түсірді. Өз сөзінде күдікті жарылыс жасалады деген жалған мәлімет тарату арқылы өзінің зайыбын қайтармақшы болғандығын айтқан. Себебі қазіргі таңда ол жарымен ажырасып, көңіл-күйі түсіңкі жүрген көрінеді», - деді ресми өкіл.

Сонымен қатар аталған жас жігіт бұның алдында алаяқтық фактісіне қатысы бар деген күдікпен тергеуге алынған көрінеді. Ағымдағы жылдың қыркүйек айында ол өзінің танысынан жалған жолмен 575 мың теңге алып, қайтармай кеткені әшкере болды. Қазіргі таңда күдікті Жетісу ауданының ішкі істер басқармасына әрі қарайғы процессуалды шешім қабылдау үшін тапсырылды - деп хабарлады ҚазАқпарат


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!