ОҚО-да екі жігіт кәсіпкер әйелді өлтірді деп күдіктелуде

Фотография - ОҚО-да екі жігіт кәсіпкер әйелді өлтірді деп күдіктелуде

Оңтүстік Қазақстан облысының криминалдық полиция қызметкерлері 27 жастағы кәсіпкер әйелдің өліміне қатысы бар деген күдікпен екі азаматты қолға түсірді

216 0

Оңтүстік Қазақстан облысының криминалдық полиция қызметкерлері 27 жастағы кәсіпкер әйелдің өліміне қатысы бар деген күдікпен екі азаматты қолға түсірді.

«1 қарашада жәбірленушінің туыстары полицияға хабарласып, оның бір күн бұрын ақша алып келу үшін банкке кетіп, содан қайтып оралмағанын жеткізген.  Жәбірленуші кептірілген жеміс-жидектер сатумен айналысқан. 31 қазан күні оның банктен 600 мың теңге алғандығы белгілі болып отыр», - делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, хабарлама келіп түскен күннің ертесіне Сырдария өзенінен Сол жағалау кентіне жақын маңда тұншықтырылып өлтірілген әйел адамның мәйіті табылды - деп хабарлады  newskaz.kz

Анықталғандай, 23 жастағы Сарыағаш ауданының екі тұрғыны әйел адамды көлікке отырғызып, тұншықтырып өлтіріп, кейін мәйітті өзенге лақтырып жіберген. Қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер қамауға алынды. Жалпы сомасы 450 мың теңге көлемінде ақша тәркіленіп алынды.


Тегтер:

спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!