Прокурор Саян Хайыровты 12 жылға соттауды сұрады

Фотография - Прокурор Саян Хайыровты 12 жылға соттауды сұрады

Алматыда  терроризмге байланысты айыпталған Саян Хайыровтың ісі бойынша өтіп жатқан сотта бүгін прокуратура өкілі айыпкерге 12 жылға бас еркіндігінен айыру жазасын тағайындауды сұрады. Судья бұл іске қатысты үкім 7 қарашада шығарылатынын белгіледі

150 0

Алматыда  терроризмге байланысты айыпталған Саян Хайыровтың ісі бойынша өтіп жатқан сотта бүгін прокуратура өкілі айыпкерге 12 жылға бас еркіндігінен айыру жазасын тағайындауды сұрады. Судья бұл іске қатысты үкім 7 қарашада шығарылатынын белгіледі.

Хайыровтың адвокаты Жандос Бұлхайыр Азаттыққа соттан айыпкерді ақтауды сұрағанын айтты.

– Иә, прокурор Саян Хайыровқа 12 жыл беруді сұрады. Мен соттан қорғауымдағы адамды айып тағылып отырған негізгі баптар бойынша ақтауды сұрадым. Шекараны заңсыз кесіп өткені туралы айып бойынша оған ең жеңіл жаза белгілеуін өтіндім, - дейді адвокат.

Өзіне тергеу таққан айыптардың барлығын жоққа шығарып отырған Саян Хайыров тек Қазақстаннан Қырғызстанға барғанда мемлекеттік шекарадан заңсыз өткенін ғана мойындайды - деп хабарлады azattyq.org

38 жастағы Саян Хайыровқа «терроризм», «адам ұрлау», «заңсыз қару-жарақ жасау мен оқ-дәрі сақтау» және «Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өту» деген айыптар тағылған. Билік орындары былтыр Алматыда болған бірнеше қылмысқа, солардың арасында Таусамал елдімекенінде жеке меншік үйде болған жарылысқа, Іле Алатауы паркіндегі жаппай кісі өліміне, Бағанашыл елдімекенінде полиция мен қарулы топ арасында болған атыс оқиғасына Хайыровтың қатысы бар деп санайды. Бұл оқиғалардың салдарынан қаза тапқан 33 адамның арасында төрт әйел және жеті бала бар. Солардың бірі – Хайыровтың 10 жастағы ұлы да мерт болған.

Саян Хайыров Қырғызстанда тұтқындалып, кейін Қазақстанға экстрадицияланған.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!