Адам саудасымен айналысатын өзбек әйел Атырауда ұсталды

Фотография - Адам саудасымен айналысатын өзбек әйел Атырауда ұсталды

Атырауда адам саудасымен айналысты деген күдікпен Өзбекстан азаматшасы ұсталды

159 0

Атырауда адам саудасымен айналысты деген күдікпен Өзбекстан азаматшасы ұсталды.

«Бірнеше ай бұрын Өзбекстаннан хабарлама келіп түсті. Өзбек құқық қорғау органдары заңсыз түрде шетелге адам саудалаумен айналысатын әйелге қатысты іздеу жариялаған болатын. Аталған әйел Атыраудан табылды. Белгілі болғандай, соңғы 2,5 жыл бойы ол Өзбекстан азаматшаларын Қазақстанға жезөкшелікпен айналысуға жіберіп отырған», - деп хабарлады өңірдің ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира Мұхтарова.

Күдікті әйел Атырау қаласының ІІБ уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Оны Өзбекстанға экстрадициялау үшін құжаттар әзірленуде.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!