Саян Хайыров 11 жылға сотталды

Фотография - Саян Хайыров 11 жылға сотталды

Бүгін Алматының Алмалы аудандық соты терроризмге байланысты айыпталған Саян Хайыровты 11 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды

233 0

Бүгін Алматының Алмалы аудандық соты терроризмге байланысты айыпталған Саян Хайыровты 11 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды деп хабарлады сот залынан Азаттық тілшісі.

Сот 38 жастағы Саян Хайыровты қылмыстық кодекстің «терроризм», «адам ұрлау», «заңсыз қару-жарақ жасау мен оқ-дәрі сақтау» және «мемлекеттік шекарадан заңсыз өту» баптары бойынша айыпты деп таныды.

Сот процесі барысында Хайыров өзіне тағылған айыптардан тек Қазақстаннан Қырғызстанға барғанда мемлекеттік шекарадан заңсыз өткенін ғана мойындады.

Бұған дейін прокуратура өкілі айыпкерге 12 жылға бас еркіндігінен айыру жазасын тағайындауды сұраған еді.

Былтыр күзде Алматы маңында кісі қолынан қаза тапқан 11 адамның өліміне қатысты билік орындары Батыс Қазақстан облысының тумасы Саян Хайыров пен Жамбыл облысының тумасы Зауырбек Ботабаевқа қылмыстық іздеу жариялаған еді. 2013 жылы Қырғызстанда тұтқындалған Саян Хайыров кейін Қазақстанға қайтарылған.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!