Теміртауда белгісіз біреулер автотұрақтағы көліктерді өртеп жіберген

Фотография - Теміртауда белгісіз біреулер автотұрақтағы көліктерді өртеп жіберген

Бұл туралы Теміртау қалалық ТЖБ аға анықтаушысы Әнуар Күншашев мәлімдеді

166 0

Теміртауда белгісіз біреулер Калинин көшесіндегі автотұраққа қойылған көліктерді өртеп жіберді. Өрт салдарынан 4 шетелдік көлікке зақым келді. Бұл туралы Теміртау қалалық ТЖБ аға анықтаушысы Әнуар Күншашев мәлімдеді.

«6 қарашада түнгі сағат 2-де орталық пультке Калинин көшесіндегі автотұрақтың күзетшісінен өрт туралы ақпарат келіп түсті. Өрт сөндірушілер келгенде «Тойота Камри» автокөлігі өртеніп жатқан. Одан кейін өрт басқа автокөліктерге тараған», - деп мәлімдеді Ә.Күншашев.

Өрт салдарынан 4 көлікке зақым келді. Аталмыш факт бойынша қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде. Негізгі болжамдардың бірі - қасақана өрт қою болып табылады. Алдын-ала болжамдар бойынша келтірілген шығын көлемі шамамен 50 мың долларды құрайды.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!