Теміртау қаласының тұрғыны 200 мың теңге талап етіп, үй ішіндегі газды жарамын деп қорқытқан

Фотография - Теміртау қаласының тұрғыны 200 мың теңге талап етіп, үй ішіндегі газды жарамын деп қорқытқан

 Қарағанды облысы Теміртау қаласында өзіне 200 мың теңгені аударуды талап етіп, үй ішінде газды жарып жіберемін деп қорқытқан 25 жастағы жігіт ұсталды

194 0

 Қарағанды облысы Теміртау қаласында өзіне 200 мың теңгені аударуды талап етіп, үй ішінде газды жарып жіберемін деп қорқытқан 25 жастағы жігіт ұсталды, деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметінен.

«7 қараша күні апаттық газ қызметіне ер адам телефон соғып, Республика даңғылы бойында орналасқан үйлердің бірінде газ жарылатынын хабарлаған. Біраздан кейін қайта телефон шалып, өзіне 200 мың теңгені аударуды талап етіп, олай болмаған жағдайда үй ішінде газды жарып жіберемін деп қорқытқан», - деп айтылған хабарламада.

Теміртау қаласы ІІБ қызметкерлері жедел іс-шараларды жүргізу барысында сол үйдің өзінде тұратын 25 жастағы жігітті ұстады.

«Ұсталған адам куәландырылды. Сараптама көрсеткендей, ол орташа деңгейде масаң екендігі белгілі болды. Сонымен қатар, жігіт психоневрологиялық диспансерде есепте тұрғандығы анықталып, ол арнайы ауруханаға жатқызылды», - деп атап айтылған хабарламада.

Ұсталған адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Полицейлер қылмыстық әрекетті ҚР ҚК 242-бабы - «Лаңкестік әрекет туралы қасақана жалған хабарлау» бойынша бағалады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!