Алматыда үш адам өмір бақи түрмеге кесілді

Фотография - Алматыда үш адам өмір бақи түрмеге кесілді

Бүгін Алматының қылмыстық іс бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен Ихбол Турдиев, Ерлан Мамреев пен Бақытжан Мұқажанов өмір бақи түрме жазасына кесілді. Олардың жүкті әйел мен кәмелетке толмаған үш баланы өлтірген қылмыстары дәлелденді деп тапқан сот айыпкер үшеудің мүлкін тәркілеуге шешім қабылады

265 0

Бүгін Алматының қылмыстық іс бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен Ихбол Турдиев, Ерлан Мамреев пен Бақытжан Мұқажанов өмір бақи түрме жазасына кесілді. Олардың жүкті әйел мен кәмелетке толмаған үш баланы өлтірген қылмыстары дәлелденді деп тапқан сот айыпкер үшеудің мүлкін тәркілеуге шешім қабылады.

Бұған дейін сот процесінде прокуратура өкілі айыпкерлердің үшеуіне де өмірлік түрме жазасын белгілеуді сұраған. Айыпкерлердің барлығы да сот барысында тағылған айыпты мойындаған.

Былтыр жазда Алматыдағы пәтерлердің бірінде төрт адамның мәйіті табылған. Үйіне келгенде 3 және 7 жастағы екі баласы мен жүкті әйелі, кәмелетке толмаған балдызы кісі қолынан мерт болғанын көрген күйеуі қылмыс туралы полицияға хабар берген. Үй иесі пәтерден ақша мен қымбат заттар сақталған сейф жоғалғанын байқаған.

Полиция қала көшелерінің бірінде күдікті үш адам – Өзбекстан азаматы Ихбол Турдиев пен Алматы облысының тумалары Ерлан Мамреев жне Бақытжан Мұқажановты ұстап, ұрланған сейфті тапқан.

Кейін анықталғандай, қылмыс жасалғанға дейін Турдиев пәтер иесіне жалданып, ол үйде жөндеу жұмыстарын атқарған.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!