Қызылордада алаяқ әйел жұмысқа тұрғызамын деп 883 мың теңге алған

Фотография - Қызылордада алаяқ әйел жұмысқа тұрғызамын деп 883 мың теңге алған

Қызылордада алаяқ әйел жұмысқа тұрғызамын деп  883 мың теңге алған, деп хабарлайды Қызылорда облысының ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі

172 0

Қызылордада алаяқ әйел жұмысқа тұрғызамын деп  883 мың теңге алған, деп хабарлайды Қызылорда облысының ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

 

«5 қараша күні Сырдария ауданының тұрғыны 1991ж.т. азаматша Е.Т. ағымдағы жылдың 29 қазанында«Ә» есімді азаматша мектепке «психолог» мамандығына жұмысқа орналастырамын деп 200 мың теңге, 4 күннен кейін одан жоғары бір қызметке жұмысқа тұрғызамын деп 60 мың теңге ақшасын алдап алғандығы жөнінде арызданған», - делінген хабарламада.

 

Ведомствоның мәліметінше, сол күні Қызылорда қаласының  тұрғыны 1991ж.т. Т.Ж-ны да бір мемлекеттік қызметке  жұмысқа тұрғызамын деп,  сеніміне кіріп, 150 мың теңге ақшасын алған.

 

Осы оқиғадан бір күн өткен соң Қызылорда қаласының тұрғыны 1959 ж.т. азаматша Ж.К-ның қызын жұмысқа тұрғызып беремін деп, 473 мың теңге ақшасын алып, алдап кеткен.

 

Тәртіп сақшыларымен жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында қала тұрғыны күдікті 1989 ж.т. азаматша Ә.А. ұсталып, тексеру амалдары жүргізілуде.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!