Мешімбаеваның ісі прокуратураға жіберілді

Фотография - Мешімбаеваның ісі прокуратураға жіберілді

Қазақстан статистика жөніндегі агенттіігінің бұрынғы басшысы Анар Мешімбаеваның үстінен қозғалған қылмыстық іс бойынша сот материалдары прокуратураға жіберілді

156 0

Қазақстан статистика жөніндегі агенттіігінің бұрынғы басшысы Анар Мешімбаеваның үстінен қозғалған қылмыстық іс бойынша сот материалдары прокуратураға жіберілді.

Қаржы полициясы Анар Мешімбаева мен оның адвокаты іс материалдарымен 5 қарашада танысып біткендерін, енді ол сотқа жөнелтілуі үшін прокуратураға жіберілгенін айтады.

2010 жылы қаңтарда Қазақстанның экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) «2009 жылдың ақпан және наурыз айларында жүргізілген халық санағы кезінде бюджет қаржысын жымқырған» деген айып бойынша Мешімбаеваның үстінен іс қозғап, прокуратура оған іздеу жариялаған - деп хабарлады  azattyq.org

2013 жылы 6 ақпанда ол Мәскеуде ұсталып, қыркүйектің 7-сі күні Қазақстанға экстрадицияланған.

Анар Мешімбаева 2009 жылы күзде халық санағына қатысты дау туындаған соң Қазақстанның статистика жөніндегі агенттігінің төрайымы қызметінен отставкаға кеткен еді.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!