Петропавлда зейнеткер әйелді өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды

Фотография - Петропавлда зейнеткер әйелді өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды

Петропавл қаласының ІІБ қызметкерлері 79 жастағы зейнеткерді өлтірді деген күдікпен 36 жастағы қала азаматын ұстады

237 0

Петропавл қаласының ІІБ қызметкерлері 79 жастағы зейнеткерді өлтірді деген күдікпен 36 жастағы қала азаматын ұстады.

Полицияға Крепостная көшесіндегі пәтерлердің бірінен 79 жастағы әйелдің өлтірілгені жайлы хабар түскен. Белгілі мекен-жай бойынша оқиға орнына шыққан жедел тергеу тобының қызметкерлері пәтердің астан-кестеңі шығып жатқанын көрген.

Полицейлер жедел іздеу шараларын жүргізіп, нәтижесінде ешқайда жұмыс істемейтін, осыған дейін істі болған 36 жастағы облыс орталығының тұрғынын ұстады. Полицейлерді көрген ол бірден қылмысын мойындады.

СҚО ІІД тергеу басқармасының аса маңызды істер бойынша аға тергеушісі Николай Поповтың сөзіне қарағанда, қазіргі уақытта айыпталушы тергеу оқшаулағышына қамалды, тергеу жүргізіліп жатыр - деп хабарлады  ҚазАқпарат

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 96-бабының 2-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Күдікті оннан жиырма жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!