Полиция майоры 4 жылға бас бостандығынан айырылды

Фотография - Полиция майоры 4 жылға бас бостандығынан айырылды

Алаяқтығы үшін айыпталған полиция қызметкеріне сот үкімі шықты.

125 0

Алаяқтығы үшін айыпталған полиция қызметкеріне сот үкімі шықты.

Ақтөбе қалалық «Сазды» полиция бөлімі бастығының орынбасары қызметін атқарған полиция майоры Төлеуов 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот үкімімен айыпталушының дүние-мүлкі тәркеленді. Оған қызмет бабын асыра пайдаланып, мемлекет қаржысын жымқырды деген айып тағылды. Полицияның қоғамдық көмекшілеріне сыйақы ретінде бөлінген ақшаны ол өз есепшотына аударып, жеке мүддесіне пайдаланған. Осылайша 25 көмекшіге берілуі тиіс 362 мың теңгені қалтасына басқан. Қызметкердің қылмысын Ақтөбе облыстық ішкі істер  департаментінің қауіпсіздік басқармасы анықтап, істі қаржы полициясына жолдаған. Төлеуовке үкім шығару соты оның бұрынғы қызмет орнында өтті. Облыстық сот пен ішкі істер департаменті бірлесе өткізген көшпелі сотқа айыпталушының әріптестері түгелдей қатысты. Бұл басқаларға да сабақ болады және жемқорлықтың алдын алудың бір тәсіліне айналады.

Дәуренбек Даумов, №2 қалалық соттың судьясы:

- Төлеуов Әнуар Ерсайынұлын Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 177-бабы 3-бөлігі бойынша айыпты деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Соныман қатар жеке мүлкі де тәркіленеді.

Ардагер Уайдин, Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:

- Соттың шешімі заңды күшіне енгеннен кейін аталған қызметкердің лауазымнан босатылған, ол ішкі істер органдарынан теріс әрекеттері үшін жұмысынан босатылады. Аталған жағдай ішкі істер органдарына, полиция қызметкерлеріне сабақ болады деп сенеміз. Алда осыған ұқсас отырыстарды осылай жалғастырамыз.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!