Алматыда ер адам өз көлігінің астына түсіп, ажал құшты

Фотография - Алматыда ер адам өз көлігінің астына түсіп, ажал құшты

Алматыда 32 жастағы ер адамды өзінің автокөлігі басып кетті, деп хабарлады қаланың ІІД баспасөз қызметінен

249 0

Алматыда 32 жастағы ер адамды өзінің автокөлігі басып кетті, деп хабарлады қаланың ІІД баспасөз қызметінен.

Бұл оқиға Мұқанов және Қазыбек би көшелерінің қиылысында болды. «Хонда Шатл» жүргізушісі автокөлікті жолдың бойына қойып, алайда қол тежегішін қоспаған. Салдарынан машина солтүстік бағытқа жылжып кетіп, тап сол шақта автокөліктің алдында тұрған жүргізушіні басып кеткен.

Ер адам оқиға орнында ашық бас-ми жарақаты мен ішкі органдарының зақымдануынан көз жұмды.

Болған жағдайдың егжей-тегжейін тергеу анықтайды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!