Қызылордада жанармай бекетіне шабуыл жасалды

Фотография - Қызылордада жанармай бекетіне шабуыл жасалды

Бүгін таңертең Қызылордадағы "Гелиос" жанармай бекеттерінің біріне қарақшылық шабуыл жасалды

145 0

Бүгін таңертең Қызылордадағы "Гелиос" жанармай бекеттерінің біріне қарақшылық шабуыл жасалды деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Қылмыскерлер шабуыл кезінде қару қолданған. Шолақ мылтықтың оғынан касса қызметшілерінің бірі көз жұмды. Оқиға таңғы төрт жарымдар шамасында орын алған көрінеді. Бұл сәтте бекетте касса қызметкерлерінен бөлек қарауыл мен қарапайым жұмысшы болған.

Беттерін тұмшалаған белгісіз екі адам бекетке кіріп, кассирді пышақпен қорқытқан және кассадағы 700 мың теңгені қолды қылған. Ғимараттан шығып бара жатып, екінші кассирді шолақ мылтықпен ата салған. 22 жастағы бозбала сол жерде көз жұмды.

Тәртіп сақшылары қазір жедел іздестіру шараларын жүргізуде.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!