Түрме маңындағы оқиғадан соң 26 адамға шара қолданды

Фотография - Түрме маңындағы оқиғадан соң 26 адамға шара қолданды

Ақтөбедегі КА-168/2 түзету мекемесінің жанында полицияға қарсылық көрсеткен 26 адамға қатысты әкімшілік шара қолданылды

143 0

Ақтөбедегі КА-168/2 түзету мекемесінің жанында полицияға қарсылық көрсеткен 26 адамға қатысты әкімшілік шара қолданылды.

Ол азаматтардың 23-і 15 күнге қамалған, емізулі сәбиі бар үш әйел 50 айлық есептік көрсеткішке тең (86 мың 550 теңге) айыппұл төлеу шартымен босатылған - деп хабарлады azattyq.org

– Олар Қазақстан республикасы әкімшілік кодексінің 355-бабының 2-бөлігі бойынша айыпталып отыр. Қамауға алынғандардың бесеуі – әйел, – деп хабарлады Ақтөбе облыстық сотының баспасөз хатшысы Гүлзия Мақсатқызы.

Ақтөбедегі жергілікті жұрт «алтыншы» деп атайтын жалпы режимді түрмеде жазасын өтеушілердің туыстары «абақтыдағыларды сабап жатыр» деген хабар естігендерін айтып, қарашаның 8-11-і күндері түрме маңында жиналып тұрған. Соттың айтуынша, ол азаматтар қарашаның 9-ы күні түске таман полицияның қоршауын бұзып, түрме аумағына өтпек болған.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!