Кәсіпкерлерді пара беруге мәжбүрлеген шенеунік ұсталды

Фотография - Кәсіпкерлерді пара беруге мәжбүрлеген шенеунік ұсталды

Қарағандыда кәсіпкерлерді пара беруге мәжбүрлеген шенеуніктің әрекеті әшкере болды. Мемлекеттік сәулет-құрылыс басқармасының бас маманы Ерсін Тоқмырзин құзырын пайдаланып, осы саладағы фирмалардың қалтасын қағып келген

219 0

Қарағандыда кәсіпкерлерді пара беруге мәжбүрлеген шенеуніктің әрекеті әшкере болды. Мемлекеттік сәулет-құрылыс басқармасының бас маманы Ерсін Тоқмырзин құзырын пайдаланып, осы саладағы фирмалардың қалтасын қағып келген.

Мына кадрларда құрылысқа лицензия бермеймін деп шіренген шенеунікке ақша ұсынған кәсіпкер анық көрінеді. Шаруа да содан кейін шешілген. Қабылдауға кірген екінші бейбақ та фирмасы тексеруден аман өтуі үшін ақша беріп, шендінің рұқсатын алуда. Кезекті «клиент» шығып кетісімен маңғыз бастық қаражатты қайтара санап, екіге бөліп жатыр. Сөйтсе қалған бөлігі басқармадағы сыбайласы, әрі бастығы Лаура Болатбековаға тиесілі екен. Қаражатты қағып алып ол да кетті. Қаржы полициясы осылайша бұларды бір айдай аңдып, бұлтартпас айғақ жинаған. Құлқыны кең екі сыбайлас та қазір қамауға алынды - деп хабарлады  baq.kz


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!