Алаяқтар түрмеде отырып-ақ зейнеткерлерді тақырға отырғызды

Фотография - Алаяқтар түрмеде отырып-ақ зейнеткерлерді тақырға отырғызды

Мурманскідегі Первомайский аудандық соты «телефон» алаяқтарына қатысты қылмыстық іс бойынша шешім шығарды

166 0

Мурманскідегі Первомайский аудандық соты «телефон» алаяқтарына қатысты қылмыстық іс бойынша шешім шығарды.

Олардан 38 зейнеткер  зардап шеккен.

Бас прокуратураның мәліметтері бойынша, Мурманск ИК-18 мекемесінде осыған ұқсас қылмысы үшін жазасын өтеуші Виталий Саханков түрмеде отырғандар мен еркіндіктегі адамдардан тұратын тұрақты қылмыстық топ құрған.

Қаскөйлер і қалалық нөмірлерге телефон шалып, өздерін олардың қиын жағдайға тап болған жақындары ретінде таныстырып, егде жастағы адамдардан ақшамен көмектесулерін сұраған. Олардың келісімдерін алғаннан кейін жазасын өтеушілер - Саханков, Денис Кутузов пен Андрей Пугаев еркіндіктегі осы топтың мүшелеріне хабарласып, олардың біреуіне зардап шегушіден ақшаны алып кетуді бұйырып отырған.  38 зейнеткер алданып, қылмыскерлерге 1 млн. рубльден астам ақша берген.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!