Аң атамын деп досын атып тастаған адам қамауға алынды

Фотография - Аң атамын деп досын атып тастаған адам қамауға алынды

Оңтүстік Қазақстан облысында 35 жастағы ер адам аң аулап жүріп абайсызда өзінің досын атып алған. Бұл қайғылы жағдай жөніндегі хабар Отырар аудандық ІІБ-не келіп түсті

221 0

Оңтүстік Қазақстан облысында 35 жастағы ер адам аң аулап жүріп абайсызда өзінің досын атып алған. Бұл қайғылы жағдай жөніндегі хабар Отырар аудандық ІІБ-не келіп түсті, деп хабарлады бүгін өткен брифингте ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз.

Оның мәліметінше, Отырар ауданы Сырдария өзені жанындағы Балтакөл ауылының аумағында достарымен аңға шыққан ер адам байқаусызда 42 жастағы Шымкент қаласының тұрғынын атып өлтірген.

«16 калибрлі қосауыз аңшы мылтығы тәркіленіп алынды. ҚР ҚК-нің 101-бабы бойынша (абайсызда кісі өлтіру) қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жалғасуда», - деп атап өтті ресми өкіл.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!