ШҚО-да көпшіліктің көзінше адам өлтірген қылмыскер құрықталды

Фотография - ШҚО-да көпшіліктің көзінше адам өлтірген қылмыскер құрықталды

Шығыс Қазақстан облысының Комсомольский кентінде криминалдық полиция қызметкерлері көпшіліктің көзінше адам өлтірген 33 жастағы Семей қаласының тұрғынын қолға түсірді

233 0

Шығыс Қазақстан облысының Комсомольский кентінде криминалдық полиция қызметкерлері көпшіліктің көзінше адам өлтірген 33 жастағы Семей қаласының тұрғынын қолға түсірді. Бұл туралы бүгін өткен брифингте ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз айтты.

«Ол көпшіліктің көзінше адам өлтіргені үшін айыпталып отыр. Жанжал Семей қаласында дүкенге жақын орналасқан жаяу жүргіншілер өтетін жолақ маңында орын алған. Жүрек тұсына тиген пышақ жарақаты салдарынан 24 жастағы ер адам оқиға орнында көз жұмған. Қылмыстық іс қозғалып, күдікті қамауға алынды», - деп атап өтті Н. Ораз.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!