Жол полицейлері автобус астына түскен қыздың өзін кінәлі етіп шығарған

Фотография - Жол полицейлері автобус астына түскен қыздың өзін кінәлі етіп шығарған

 Қарағандыда осыдан бір ай бұрын 14 жасар қызды автобус қағып кеткен

224 0

Қарағандыда осыдан бір ай бұрын 14 жасар қызды автобус қағып кеткен. Жол полицейлері ереже бұзды деп қыздың өзін кінәлі етіп шығарыпты. Алайда, зардап шегушінің туыстары мұнымен келіспей құзырлы органдардың табалдырығын тоздырған. Бірақ, істің ілгері жылжитын түрі жоқ. Тіпті, дәлел ретінде апатты кездейсоқ түсіріп алған бейнетаспаны ұсынса да, құзырлы органдар қамсыз.

Бейнетаспада жаяу жүргіншілер жолымен беттеген Мейрамгүл Іляшеваны автобустың қағып өте шыққаны анық көрінеді. Егер сәл ертерек жүргенде көптонналық техниканық астында қалар еді - деп хабарлады baq.kz

Еркін Іляшев, Мейрамгүл Іляшеваның ағасы:

- Қаққаннан кейін автобус ана жерге барып тоқтаған да, баланы тәртіп сақшыларына арғы жақтан өтті жеп жасатқан. Олар солай жасаған да істі жылы жауып тастаған.

Жол полициясының хаттамасына сенсек, арнайы белгі тұрмаған жерден өтіп бара жатып, жарақат алған қызда ес жоқ екен. Кестені сызған инспектор да, істі тергеуші де қарсы жақтың уәжіне құлақ аспаған. Мына бейнетаспа табылмаса, дәлелдеу мүлде мүмкін болмас еді дейді Еркін Іляшев. Бірақ таспаны көздеріне шұқып тұрып көрсеткенімен құзырлылар қарекет қылудан қашқан.

Еркін Іляшев Мейрамгүл Іляшеваның ағасы:

- Прокурор УСБ-ға жібердім дейді, УСБ жаңағы полицейлерге бердім дейді. Олар прокуратурада дейді. Сонымен сеңдей соқтырды да қойды. Екі ортада мен жүрмін шырылдап.

Полицейлер, инспектор мен тергеушінің әрекетінен мін таппадық дейді. Өйткені қыз ауруханаға кеткендіктен, оқиғаның сызбасы автобус жүргізушісінің сөзі бойынша жасалыпты.

Жаңатай Сембеков Қарағанды облыстық ІІД:

- Бастапқыда хаттама жүргізушінің сөзінен жазылып, солай толтырылған. Ендігі кезекте зардап шегуші айыққаннан кейін толықтырулар енгізіп, жан-жақты зерделенгеннен кейін автотехникалық сараптама жасалады. Тиісті материалдар іс жүргізу кодексіне тиісті оның барлығын мерзімдері анықталған бұл жерде заңбұзушылықтар жоқ.

Апат болғаннан бері 40 күн өтсе де, зардап шеккен тарапқа бірде-бір тергеуші төбесін көрсетпеген. Тек телефон шалып, бірді екілі сұрақ қойған болып, кейіннен істі жылы жаба салыпты. Керісінше, жазым бола жаздаған қыздың ағасы ақиқатын айтып қақпаған есігім қалмады деп отыр. Енді ол облыс прокуроры мен ІІД бастықтарына арызданып, істі сөзбұйдаға салған инспекторларды жазаға тартуды талап етпек.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!