Талдықорғанда полицейлер велосипедшіні қағып кетіп, оқиға орнынан ізін жасырған жүргізушіні ұстады

Фотография - Талдықорғанда полицейлер велосипедшіні қағып кетіп, оқиға орнынан ізін жасырған жүргізушіні ұстады

Белгісіз біреудің көлігінің астына түскен 48 жастағы велосипедшінің ауруханаға түскені жайлы полицейлерге медицина қызметкерлері хабар берген

135 0

Белгісіз біреудің көлігінің астына түскен 48 жастағы велосипедшінің ауруханаға түскені жайлы полицейлерге медицина қызметкерлері хабар берген.

Ер адам қатты зақым алған, сондықтан жол көлік оқиғасы жайлы еш нәрсе айта алмаған. Соған қарамастан, машина фарының сынығы мен қорап бөлшегінің түсіне қарап автокөліктің түсі мен маркасын анықтау мүмкін болды. Оның жүргізушісі ұсталып, Талдықорған қаласы ІІБ-ға қамалды.

48 жастағы «Ниссан» автокөлігінің жүргізушісі өз кінәсін мойындады - деп хабарлады  ҚазАқпарат

Жыл басынан бері Алматы облысының жолдарында жаяу жүргіншілерді көлікпен 546 рет қағып кету орын алған. Одан 139 адам қаза болып, 445 адам түрлі жарақат алған.

 


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!