Ақтөбеде автобус жүргізушісі жаяу жүргінші өтетін жолда адам қақты

Фотография - Ақтөбеде автобус жүргізушісі жаяу жүргінші өтетін жолда адам қақты

Ақтөбеде Некрасов және Жүргенов көшелерінің қиылысында 34 жастағы автобус жүргізушісі 22 жастағы қызды қағып, ол оқиға орнында жан тапсырды

139 0

Ақтөбеде Некрасов және Жүргенов көшелерінің қиылысында 34 жастағы автобус жүргізушісі 22 жастағы қызды қағып, ол оқиға орнында жан тапсырды.

ІІД баспасөз қызметінен хабарлағандай, қоғамдық көліктің жүргізушісі жаяу жүргіншілер өтетін арнайы жолдан өтпекші болған бөйжеткенге жол бермеген.

ЖКО орын алуына айыпты жүргізушінің алкогольдік ішімдік ішпегені белгілі болды. Аталған факті бойынша, қылмыстық іс қозғалып сараптамалар белгіленді, тергеу амалдары жүргізілуде.

Ағымдағы жылдың 10 айы ішінде Ақтөбенің полицейлері автобус жүргізушілерінің жолда жүру ережесін 712 рет бұзғанын анықтады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!