Есірткіні аяғындағы протезге салып өткізбекші болған ресейлік азамат ұсталды

Фотография - Есірткіні аяғындағы протезге салып өткізбекші болған ресейлік азамат ұсталды

Қазақстандық шекарашылар протезде есірткіні алып өтпекші болған пойыз жолаушысын ұстады

122 0

Қазақстандық шекарашылар протезде есірткіні алып өтпекші болған пойыз жолаушысын ұстады, деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметінен.

«Мерке» өткізу пунктінде шекара наряды «Бішкек - Екатеринбург» қатынасындағы жолаушылар пойызына шекаралық бақылау жүргізуді жүзеге асыру барысында, «Аргос» атты арнайы итті қолдану арқылы қарап тексеру кезінде қызметтік ит өзінің іс-қимылымен Ресей Федерациясының 1960 жылғы азаматының сол аяғындағы протезді көрсетті.

Вагон жолсерігі мен екі куәгердің қатысуымен жолаушының сол аяғы бунағының протезінде өзіне тән исі бар қою қоңыр зат анықталды. Сот-химиялық сараптама қортындысына сәйкес ол 25 грамм гашиш болып шықты.

Есірткі заттарын ұстау фактісі бойынша құқық қорғау органдары хабарланды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!