Хайыров әйелінің шағымы сотта қайта қаралады

Фотография - Хайыров әйелінің шағымы сотта қайта қаралады

Бүгін Алматы қалалық сотында терроризм айыбы бойынша 11 жылға сотталған Саян Хайыровтың әйелі Шынар Бисенбаеваның Алмалы аудандық сотының үстінен берген шағымы қаралды

270 0


Бүгін Алматы қалалық сотында терроризм айыбы бойынша 11 жылға сотталған Саян Хайыровтың әйелі Шынар Бисенбаеваның Алмалы аудандық сотының үстінен берген шағымы қаралды.

Бисенбаева бұған дейін Алмалы аудандық сотына өткен жылы Алматы маңындағы арнайы операция кезіндегі ұлының өліміне байланысты Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы департаменті мен Алматы қалалық ішкі істер департаментінен (ІІД) 20 миллион теңге өтемақы өндіріп беруді талап етіп шағым түсірген еді. Бірақ Алмалы аудандық соты оның шағымын қараудан бас тарту туралы шешім шығарған.

Қалалық сот бүгін Бисенбаеваның шағымын Алмалы аудандық сотының қайта қарауына жіберетін шешім қабылдады - деп хабарлады azattyq.org

Ресми деректерде былтыр Алматы маңында болған оқиғаларға, атап айтқанда Таусамал кентіндегі жеке меншік үйлердің біріндегі жарылысқа, Іле Алатауы паркіндегі жаппай кісі өлтіруге, Бағанашыл кентінде полициямен қарулы қақтығысқа «Хайыров тобының» қатысы бары» айтылады. Бұл оқиғалар кезінде арасында төрт әйел, жеті бала бар (соның ішінде Хайыровтың 10 жасар ұлы да) - барлығы 33 адам қаза тапқан.

 


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!