ОҚО-да тік ішегіне героин салып тасымалдаған жүкті әйел ұсталды

Фотография - ОҚО-да тік ішегіне героин салып тасымалдаған жүкті әйел ұсталды

Оңтүстік Қазақстан облысында тік  ішегіне героин салып тасымалдаған 18 жастағы жүкті әйел ұсталды

243 0

Оңтүстік Қазақстан облысында тік  ішегіне героин салып тасымалдаған 18 жастағы жүкті әйел ұсталды.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінде әйел адамның Сарыағаш-Жетісай тасжолында ұсталғанын мәлімдеді. Ол машинада келе жатқан. Мақтаарал ауданының тұрғынының жеке заттарын тексеру кезінде ештеңе таппаған. Қажетті рәсімдерді өткізген соң сарапшылар ұсталған адамның тік ішегінен есірткі заттары бар 10 полиэтилен пакетті алып шықты. Сот-криминалистік сараптама мәліметтері бойынша олардың салмағы 40 грамм «героин» және 3 грамға жуық «апиынды» құраған.

Полицейлер жүкті әйелдің осындай жолмен Тәжікстаннан Қазақстанға бірнеше рет есірткі тасымалдағанын анықтады. Әйелдің айтуына қарағанда, ол есірткіні әлеуметтік желіде танысқан Ақтаудағы танысына әкелетін болған. Әр жасырын тауарды жеткізгені үшін ол бұл әйелге 50 мың теңге беруге уәде еткен - деп хабарлады ҚазАқпарат

Аталған фактіге сәйкес ҚР ҚК 250-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Әйел адам қамауға алынды, тергеу жүргізілуде.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!