Шымкент қаласының тұрғыны өз отбасын өртеп жібергені үшін 15 жылға бас бостандығынан айырылды

Фотография - Шымкент қаласының тұрғыны өз отбасын өртеп жібергені үшін 15 жылға бас бостандығынан айырылды

Өз отбасын өртеп жібергені үшін Шымкент қаласының тұрғыны 15 жылға сотталды

236 0

Өз отбасын өртеп жібергені үшін Шымкент қаласының тұрғыны 15 жылға сотталды.

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың баспасөз қызметінен хабарлағандай, ол 2012 жылдың маусым айында өз әйелін, ұлын, енесі және өзін өртеп жіберуге тырысқан.

Қылмыстық іс мәліметтеріне қарағанда, ер адам әйелімен татуласу мақсатымен енесінің үйіне келіп, әйелі мен 7 жасар ұлының өзіне қайтып оралуын талап еткен. Алайда, әйелі бас тартқан соң, ер адам оны байлап, үстіне бензин құйып, ұлын өзінің қасына отырғызып қойған. Үйге енесі кіріп келген сәтте ер адам сіріңкені тұтатып жібереді. Шыққан өрт салдарынан оқиғаға қатысқандардың барлығы 1,2,3-дәрежелі күйік алған. Сотталған адамның өзінің денесінің 80%-ы күйіп қалған - деп хабарлады  ҚазАқпарат

Ер адам аман қалып, сотталды, енді 15 жыл өмірін түрмеде өткізбек.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!