Екібастұзда көкек ана екі айлық қызын бөтен балалар арбасына тастап кеткен

Фотография - Екібастұзда көкек ана екі айлық қызын бөтен балалар арбасына тастап кеткен

Екібастұзда келіншектің ұлын отырғызып келген арбасына әлдебіреу екі айлық қызды тастап кеткен

211 0

Екібастұзда келіншектің ұлын отырғызып келген арбасына әлдебіреу екі айлық қызды тастап кеткен.

Полиция қазір тастандының анасын іздестіруде. Безбүйрек ана Балқаш қаласының тұрғыны көрінеді. Ал сәбидің өзі қазір ауруханада жатыр.

Сегіз айлық баласын емханаға әкелген Динара дәлізге шыға бергенде тосылып қалған. Өз көзіне өзі сенбеген ол шарананың шешесін соңына дейін сабыла күтіпті. Бірақ, бұдан түк шықпасын білген соң дабыл қағудан басқа амалым қалмады деп отыр.

Динара Ибраева, Екібастұз қаласынң тұрғыны:

- Жалпы, бұл нәрестенің тағдыры жақсарсын деген тілек бар. Жанындай сүйіп, аялайтын отбасы асырап алса екен деймін. Анасына айтарым жоқ, сәбиді көріп жүрегім жарыла жаздады.

Құрсағында тоғыз ай көтерген баласын құшағына сыйғыза алмаған көкек ана шақалағын баз біреудің бесік арбасында қалдырып, ізін жоғалтқан -

деп хабарлады newskaz.kz

Тәртіп сақшыларының айтуынша, безбүйрек ана Балқаш қаласының бұрын ажырасқан 22 жастағы тұрғыны. Мұны соңғы рет қабылдауда көрген дәрігерлер растап отыр. Ал, оның Екібастұздағы тамыр-таныстары жағдайды естісе де, мәселенің байыбына барғысы жоқ. Ақ халаттылар болса кір камбинозонға оралған екі айлық тірі жетімді жуындырып, жылы орынға жайғастырған.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!