Қызылордада тапаншадан оқ атқан адам ұсталды

Фотография - Қызылордада тапаншадан оқ атқан адам ұсталды

Қызылордада полицейлер өз көлігімен соқтығысқан жүргізушіні тапаншамен атып, бой тасалаған азаматты қолға түсірді. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады

287 0

Қызылордада полицейлер өз көлігімен соқтығысқан жүргізушіні тапаншамен атып, бой тасалаған азаматты қолға түсірді. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Оқиға үстіміздегі жылғы 6 қазан күні күндізгі сағат 16.10 шамасында болған. Қызылорда қаласындағы компьютер клубының алдында ақ түсті «Дэу-Нексия» автокөлігіне қара түсті «Ваз-21014» маркалы автокөлігі соқтығысып қалады. Сол кезде қолында тапаншасы бар белгісіз азамат «Ваз-21014» автокөлігінің ішінен шығып, «Дэу-Нексия» автокөлігінің жолаушысына қарсы оқ атқан. Содан кейін оқиға орнынан бой тасалаған.

Қызылорда облыстық ішкі істер департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті ұсталып, уақытша қамау абақтысына жатқызылды. Ол 1993 жылы туған Қызылорда қаласының тұрғыны болып шықты.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 257-бабы 3-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!